Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская: Данияр маған ұнап қалған уақытта оның кездесіп жүрген қызы болған

Жаңа бас қосқан жас жұбайлар Жәния Джуринская мен жолдасы Данияр Хизметов таныстықтары жайлы баяндады. Ең бірінші болып Жәнияның сезімі оянған. Алайда қыз бен жігіт болып тек 3 жыл өткенде ғана кездесе бастапты. 

Бұл туралы “100 сұхбат” бағдарламасында айтылды.  

Жәния Джуринская Даниярды алғаш өзі ұнатқан. Алайда бұл кезде Даниярдың басы бос болмайды. Тағдырдың жазуымен, екеуі тек 3 жыл өткенде ғана бас қосқанын айтады. 

“Екеуміз бұған дейін де кездестік. Бір жобада бірге жүрдік. Мен қандай сүйкімді жігіт деп ойладым. Көз сала бастадым. Бірақ оның қасынан бір қызды көрдім. Сары шашты қызы бар екен. Екеуі кездесіп жүрген соң мен арасына түспедім. Ол да адамы болған соң маған көз салған жоқ. Солайша өзінің әділ, адал адам екенін көрсетті. Кейін ол қыз екеуі екі жаққа кетеді. Үш жыл өткенде біз қайта кездесеміз. Желіде отырғанда “киноға барайық” деп жазды. Мен “жарайды” дедім. Солай телефон нөмірімді сұрады. Кездесе бастадық”, – дейді актриса. 

Актриса Данияр оның көңілін көтеру үшін несие алғанын айтты. 

“Ол менімен кездесіп жүрген шақта 2 миллион теңге несие алған. Сен секілді қыздың осы кезеңі керемет өтуі керек деді. Оған дейін 3 миллион теңге қарыз несиесі бар болған. Менімен мәңгі бірге болам деп ойламаса керек. Солай жүрегімді жаулады. Тұрмыс туралы ойламай да жүр едім. Бәрі аяқ астынан болды. Ол ақылды жігіт. Ол өз жасынан едәуір есті. Адал. Өте ұқыпты. Сонысымен ұнады. Маған берген тағдырдың сыйы деп білемін. Бұған дейін менің азаматым мынадай болады деп мүлде басқа азаматты елестетіп келіппін. Даниярды шын жақсы көремін”, – деді актриса. 


Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 17 Тамыз, 2021 18:11
Талқылау