Жанындағылар көмектеспеді: Автобуста ер адам өзіне ақшаны дұрыс қайтармаған әйелді аяусыз ұрып тастады
Әлеуметтік желіде ер адамның автобус кондукторын ұрып жатқан сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі топтарда ер адамның автобус кондукторын аяусыз ұрып, аяғымен тепкен сәтінен видео тарап жатыр. Видеоны бөлісушілердің айтуынша, бұл жағдай Ақтөбе қаласында болған.
«Автобус кондукторы ер адамға ақшаны дұрыс қайтармаған екен. Ол әйелге осы үшін боғауыз сөз айтты. Кейін әйел оған қарсы жауап берді. Намысқа шыдамаған ер адам әйелді аяусыз соққыға жыға бастады», - деп жазылған видеоның тұсында.
Алайда Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов бұл видеоның бұрын түсірілгенін және жағдайдың Ақтөбеде болмағанын айтты. Ал желі қолданушылары өз кезегінде басқа ер азаматтардың әйелге көмектеспегеніне, араша түспегеніне наразы.
Талқылау

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

"Қайыққа міну құны 15 мың, сайтта 5 мың теңге": Көлсай көлдерінде қызмет құны неге ресми бағадан жоғары
Министрлік Көлсайда көрсетілетін қызметтің бағаларын реттемейді екен