Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаным, мен сені қатты жақсы көрем": Анна Данченкоға сүйіктісі тікелей эфирде тосынсый жасады (видео)

Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченкоға сүйіктісі тосынсый жасады. Тележүргізуші тікелей эфирде сүйіктісіне сәлем жолдап, сезімін білдірді. 

Бұл оқиға тікелей эфирде өтті. Әдетте бағдарламадағы қыз-жігіттер бір-біріне тосынсый жасайтын еді. Бұл жолы бағдарлама тізгіншісіне сыйлық келді. 

Қызыл гүл шоқтарын тележүргізушіге жолдасы жіберген. Анна Данченко бұл сүйіктісінің тосынсыйы екенін бірден түсінді. Оған сезімін білдіріп, алғысын айтты. 

"Менің ата-анам бар. Отбасым бар. Жақындарым бар. Мен қазірдің өзінде бақыттымын. Мұндай сыйлық алып көрмеген соң біртүрлі екен. Жаным, саған рахмет! Мен сені жақсы көрем", - деді ол. 

Тележүргізуші бастапқыда таңғалысын жасыра алмай сасқалақтап қалды. 

Бағдарлама қатысушылары оған қолдау білдіріп, құттықтасып жатыр. 

"Барлықтарыңыздың тілектеріңізге көп рахмет. Алланың нұры жаусын. Осы сәтте бақытты бола біл. Себебі өмір осындай сәттерден тұрады. Жаным, мен сені жақсы көремін! Раушан гүлі - махаббаттың символы іспеттес. Анна ханымның өмірлік серігі махаббат алаңында, өзінің көңілін гүлмен білдірді”, - деп жазды Анна парақшасында.

Анна Данченко жеке өмірі жайлы ашық айта бермейді. Биыл көктем айында тележүргізушінің ақ келін атанғанын жазған едік. Бұл туралы әнші Абай Бегей мәлімдеп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Талқылау