AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Нұржанов мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Жәнібек Нұржанов мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оны ұжымға мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Әли Алтынбаев таныстырды.

Нұржанов Жаныбек Маулутбекұлы еңбек жолын 1989 жылы бастап, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы, Өскемен қаласы бойынша салық инспекциясының аға, жетекші салық инспекторы, Министрліктің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

Ол мемлекеттік кірістер, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Қостанай қаласы бойынша салық департаментінің басшысы, Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылғы маусымнан бастап – Салық әдістемесі департаментінің директоры, 2020 жылғы мамырдан – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік департаментінің директоры болды.

2021 жылдың қаңтарынан - Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр