Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласының кім екені белгілі болды

Фото: Іinstagram.com/janibek_alimkhanuly/2sharp_d
Мельдонийді жеңгеннен кейін бір жылға шеттеттілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін британиялық Дензел Бентлимен өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Британиялық боксшы мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жекте жеңіс лондондық спортшыға бұйырды. Кездесу жетінші раундта аяқталды: 31 жастағы Бентли 34 жастағы Сааведрадан басым түсті. Төрешіні жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр етті.
Осылайша, Дензел Бентли WBO нұсқасы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанып, Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізеді.
- Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниетті болған
- Чемпиондық белбеуінен айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Жәнібектің шеттетілуі
Айта кетейік, 2025 жылғы 2 желтоқсандағы Voluntary Anti-Doping Association (VADA) тестілеуі кезінде Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған заттың анықталды.
Даулы оқиғадан кейін World Boxing Organization (WBO) ұйымы Жәнібек Әлімханұлын 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетті.
Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпиондық белбеуінен айырылғанымен, WBO нұсқасы бойынша атағын сақтап қалды.