Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жұдырықтасуға дайындалып жатқанын мәлімдеді
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альвареспен (61-2-2, 39 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте қазақстандық қос титулын сынға салады.
"Мен тек 13 шілдедегі кездесуге дайындалып жатқан жоқпын. Канеломен кездесуге дайындықты бастадым", – деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы кейінгі рет қазанда АҚШ-та неміс Винченцо Гуальтиеримен (21-1-1, 7 КО) жұдырықтасып, алтыншы раундта жеңді. Осылайша ол IBF чемпионы атағын алды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген жаңазеландиялық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізетіні айтылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”