Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшы Стивен Батлермен жекпе-жегінде белбеуін қорғап, өарсыласын екінші раунда нокаутқа түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ-тың Стоктон қаласында өткен бокс кешінің екінші раундында Әлімханұлы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Жәнібек үшін бұл екінші рет титулын қорғау болды. Өткен жылдың қарашасында британдық Дензел Бентлиді шешімімен жеңген кезде бірінші титулын қорғаған болатын.
Ал Батлер 2019 жылы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты. Бірақ ол жапондық Риота Муратаға техникалық нокаутпен ұтылған еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін

