Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Канелоға қарсылас атанбақФото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ретінде WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Еш мәселе жоқ, ол келіссе болды", – деп қысқа қайырған Әлімханұлы әлеуметтік желідегі жанкүйер сұрағына жауап берді.

42 жастағы Эрисланди Лара әлі де белсенді чемпион болып, жоғары деңгейде өнер көрсетуде. 2025 жылдың наурыз айында ол австралиялық Майкл Зерафаны нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

"Құдай қаласа, төрт белбеудің бәрін жинап, туымызды биікке көтеремін және тарихқа енемін! Әр нәрсенің өз уақыты бар — сабырлылық жеңіске жеткізеді!" – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жекпе-жек туралы келіссөздердің нақты мерзімі әзірге белгісіз. Дегенмен қазақстандық чемпионның бұл мәлімдемесі оның абсолютті әлем чемпионы атағын иеленуге деген нық қадамын айқындап отыр.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 16:53
Талқылау