Жәнібек Әлімханұлы екінші чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз IBF белбеуінің иегері Винченцо Гуальтьеримен күш сынасады. Әлімханұлы белбеуін осымен екінші рет қорғаса, ал Винченцо алғаш рет қорғамақ.
“Құдай қаласа елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз!” – деп жазды Әлімханұлы желідегі парақшасында.
Жекпе-жек 14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді деп жоспарланған.
“"Жәнібек – Эскива Фалькао секілді әуесқой бокста көп жетістікке жеткен көрнекті боксшы. Әрі Фалькао секілді фаворит. Бірақ Жәнібек Фалькао сияқты жеңіліп қалады, өйткені менде ең жақсы команда және чемпионның рухы бар. Тек осы ғана кім жеңіп, кімнің ұтылатынын шешеді”, – деп жазды Винченцо Гуальтьери.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн