Басты жаңалықтар
«Жаңғырту жүргізбей жұмыс істей алмайды»: Министр алматылық кәсіпкерлерге үндеу жасады
Фото: pixabay.com
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы кәсіпкерлеріне үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2 мамыр күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, базарларды жаңғырту мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында базарларды жаңғырту кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Тараптар базарларды жаңғырту барысында туындайтын кеделгілер мен оларды жүйелі шешу жолдарына баса назар аударды.
Қазір Алматы қаласында 59 базар жұмыс істеп тұр. Оның 70% - ы жаңғыртылған. Өткен жылы Алматыда алты базарда модернизация жұмыстары аяқталды.
"2026 жылдан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл қазіргі уақыт талабы. Қауіпсіздік, ашықтық және ыңғайлылық сауда стандартына айналуы тиіс", – деп толықтырды министр.
Талқылау

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
Шахризаданың да бауырлары Египеттен келген жездесін жақсы көріп үлгерген

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
Сөзінше, бұл аналық бездің мерзімінен бұрын әлсіреп, сарқылуынан туындайды