Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңғақтардың адам денсаулығына пайдасы қандай

Көпшілік жаңғақтардың депрессияға қарсы өнімдер қатарына кіретінін біле бермейді. Бұл ретте жаңғақтардың пайдалы қасиеттері жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.  Жаңғақтар арқылы денсаулығыңызды сақтап қана қоймай, айтарлықтай жақсарта алады екенсіз.


1. Орман жаңғағы

Орман жаңғағы – бағзы замандардан бері белгілі. Ертеректе адамдар орман жаңғағынан бойтұмар жасаған. Ол табиғат апаттары мен бәле-жаладан қорғайды деп сенген. Бұл жаңғақтың құрамында көп мөлшерде А және Е дәрумендері бар. Ми қызметін жақсартады. Жаңғақты шикі күйінде пайдаланған дұрыс.

2. Кешью

Үнді және азиялық тағамдар рецептінде кешью жаңғағы жиі кездеседі. Оларды бірінші және екінші ас, жеңіл тамақ, тұздық және түрлі тәттілер әзірлеуде қолданады. Кешью жаңғағы иммунитетті күшейтіп, жүрек қызметін жақсартатын әсерге ие. Ол, тіпті, тіс ауруын басады. Ал күнделікті 20 жаңғақ жесеңіз, ағзаңызды темірдің тәуліктік мөлшерімен қамтамасыз етесіз. Пайдаланар алдында жаңғақты қуырып алған жөн.

3. Пісте

Пісте түрлі минералдар мен дәрумендерге бай болғанымен, оны жиі тұтынуға болмайды. Оның ересек адам үшін тәуліктік нормасы – 15 жаңғақ. Пісте ас қорыту, тыныс алу жолдары ауруларын, қаназдық, сары ауру, жүкті әйелдерде болатын токсикозды емдеуге көмектеседі. Сонымен қатар ерлердің бел қуатын арттыруға себі бар.

4. Бадам

Дәрігерлер жүрегі ауыратын адамдарға аптасына 60 грамм бадам жаңғағын жеуге кеңес береді. бадам – фосфор, калий және темірге бай. Тәтті тағамдар әзірлеуде жиі қолданылады. Жаңғақтың бұл түрін сатып алғанда ірі әрі ақаусыз болғанын тексеріп алыңыз.

5. Грек жаңғағы

Кавказ жерінде грек жаңғағы қасиетті ағаш саналады. Ол жақта 4 мың жылдан астам уақыт өсіп тұрған жаңғақ ағаштарын көруге болады. Грек жаңғағының құрамында аминқышқылдар, илік заттар мен құнды минералдар бар. Организмнің әлсіреуі, қаназдық, жүйке жүйесі, жүрек және асқазан ауруларын емдеуде көмектеседі.

6. Балқарағай жаңғағы

Жаңғақтың пайдалы қасиеттері жайлы орта ғасырда өмір сүрген дәрігер, ғалым Ибн-Сина жазып кеткен. Заманауи ғылым ғалымның ойларын растай түсті. Жаңғақтың құрамында дәрумендер, макро және микро элементтер бар. Ол, әсіресе, балалар мен қарт адамдар үшін пайдалы. Алайды семіздікке бейім адамдар балқарағай жаңғағын жиі тұтынбағаны жөн.

7. Бразилия жаңғағы

Бразилия жаңғағы ең дәмді жаңғақ саналады. Оны салаттар мен тәтті тағамдар дайындағанда қолданады. Күнделікті екі жаңғақ жесеңіз, организміңіз селеннің тәулікті мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бразилиялық жаңғақ күш-қуат пен сергектік сыйлайды. Әрі теріңіз тазарып, ажарлана түсесіз. Бұл жаңғақ жүрек және онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін төмендетеді.

8. Кокос

Жер бетіндегі ең үлкен жаңғақ – кокос жаңғағы. Бір жаңғақтың салмағы 4 килограммға дейін жетеді. Кокостың дәмі мен иісі де ерекше. Одан бөлек, құрамы В тобы дәрумендеріне, макро және микро элементтерге бай. Жаңғақтың бұл түрі иммунитетті күшейтіп, көздің көруін жақсартады. Сонымен қатар ас қорыту жүйесіне, қалқанша безінің жұмысына оң әсері бар. Ал кокос сүті – жасартатын әсерге ие.

9. Жержаңғақ

Жержаңғақтың шамамен 70 түрі бар. Ол тамаша антиоксидант болып табылады. Көздің көруін, есту және есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Тағамдық өнім ретінде ғана емес, химиялық өндірісте шикізат ретінде қолданылады. Одан пластмасса, синтетикалық жіп және желім жасайды.

10. Каштан

Фпанцуздар мен италиялықтардың сүйіп жейтін жаңғақтарының бірі – каштан. Францияда «Каштан күні» аталатын мейрам бар. Бұл күні күллі мемлекетте каштан иісі аңқиды. Барлық кафелерде каштан қосылған дәмді тағамдарға тапсырыс беруге болады. Бірақ каштанның барлық түрі жеуге келмейді. Тек себінді талшын жаңғақтары ғана жеуге жарамды. Оның құрамында жасұнық, С және В дәрумендері көп мөлшерде кездеседі. Ал диетологтар вегетариандарға каштан жаңғағын жеуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 3-қабаттан құлаған екі жасар баланың басына пластикалық ота жасалады

Құл-Мұхаммед: “Нұр Отанның” қатарына абырой әкелетін, беделді азаматтар ғана қабылданады

Назарбаев RBK банкіндегі жағдай туралы: Ұрылардың бәрі түрмеге жабылады

11-сынып оқушысы: Ләйлә Сұлтанқызының тікелей эфирдегі сөйлеу этикасы көңілге қона бермейді

Талқылау