Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанға жағымды": Асанәлі Әшімов жас келіншегімен демалысқа кетті

Асанәлі Әшімов жас келіншегімен демалысқа кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жанға жағымды: Асанәлі Әшімов жас келіншегімен демалысқа кетті

Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Асанәлі Әшімов әйелі Бағдат Әшімова және ұлы Асанәлімен бірге Алакөлге демалысқа кеткен. Бұл туралы өнер иесінің өзінен 34 жасқа кіші келіншегі Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жазды. Ол отбасымызбен отандық туризмді дамытуға атсалысып жатырмыз деп мақтанған.

"Алакөл. Керемет демалыс болды. Суы аздап туздылау, бірақ жанға жағымды. Отандық туризм дамуына үлес қосайық достар!" - дейді Бағдат Әшімова.

Осылайша жұлдызды жұп желідегі парақшаларына ерекше суреттер жүктеп, демалыстың жақсы өткенін байқатты. Олар 11 жастағы ұлдарын да өздерімен бірге демалысқа алып барған. Мұны көрген желідегі жұрт өз пікірлерін білдіруден қалыс қалмаған. 

"Пай-пай, шіркін, қандай керемет жігіттің сұлтаны, елдің сүйіктісі, сүйеніші. Аллам ұзақ өмір берсін, ұрпақтарымен мың жасасын", "Бағдат, сені тәрбиелеген ата-анаңнан айналайын", "Қандай керемет, су сұрасаң сүт берген айран берген, тәтті жеңгем", "Ой жеңеше, мықтысыз, мықты адамның алқанындасыз. Қызығамын, керемет, бақытты болыңыз", - десті жұрт. 

Талқылау