Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)
Желіде Төреғали мен Еркенің жанды дауыста “Алло” әнін айтқан видеосы пайда болды. Алайда көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген қос өнер иесі әнді жоғары деңгейде орындай алмады деп сынға ұшырады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Видеоны жариялаған автор: “Жанды дауыс. Нашар айтып жатқан сияқты? Сіздердің ойларыңыз?” – деп желідегілердің пікірін сұрады.
Өз кезегінде желі оқырмандары жанды дауыста ән айта алмаған қос әншіні жерден алып, жерге салып жатыр.
“Масқара”, “Дауыстары жоқ”, “Құлаққа жағымсыз екен”, “Ерке жақсырақ айтып жатқан сияқты”, “Төреш айта алмай қиналып жатыр ғой, даусы жетпей, әкесінің мақтағаны бекер екен”, “Кімді ақымақ санап тұрсыздар, бұл олар емес”, – деп пікір білдірді олар.
Иә, байқағандарыңыздай, сүйікті әншілеріне шаң жуытқысы келмейтін тыңдарман сахнадағы қос әншінің Төреғали мен Еркенің өзі екеніне күмән келтірді.
Жіберіп алмаңыз:
Лидо актер Санжар Мәдиевпен “жаға жыртысты” (видео)
Мәдина Ералиеваның әнін тамылжыта шырқаған Абай мен Асхат жұртты таңдай қақтырды (видео)
Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)
Жаның жәннәтта болсын: Бейбіт Сейдуалиева марқұм анасымен қоштасты