Қазақстанның сегіз облысында прокурорлар ауысты
Фото: Бас прокуратура
29 қыркүйекте Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ресми ақпаратта.
Жандос Өмірәлиев 1978 жылғы 9 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында прокурор, аға прокурор болып еңбек етті. 2005-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары прокуратурасында және Батыс өңірлік көлік прокуратурасында басқарма басшысы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010-2011 жылдары – Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
2011-2017 жылдары – Алматы қаласы прокурорының орынбасары.
2017-2018 жылдары – Бас прокуратура Аппараты басшысының орынбасары, Кадрлық даму департаментінің басшысы.
2018-2022 жылдары – Батыс Қазақстан облысының прокуроры.
2022 жылғы маусымнан бастап бас прокурордың орынбасары болып қызмет етті.
Осыған байланысты Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Бұдан бөлек президентпен келісім бойынша бас прокурордың бұйрығымен тағайындалғандар:
-
Батыс Қазақстан облысының прокуроры – әділет саласындағы аға кеңесші Нұрбек Ұласбекұлы;
-
Маңғыстау облысының прокуроры – әділет саласындағы аға кеңесші Серікқали Қушалиев.
Сонымен қатар мемлекет басшысымен келісіп, бірнеше аумақтық прокурорлар ауыстырылды:
-
Бас көлік прокуроры – Берік Жүйріктайев;
-
Атырау облысының прокуроры – Мадияр Басшыбаев;
-
Жамбыл облысының прокуроры – Берік Абилов;
-
Жетісу облысының прокуроры – Бауыржан Жұмақанов;
-
Қостанай облысының прокуроры – Марат Сексембаев;
-
Павлодар облысының прокуроры – Алмат Байшұлақов;
-
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Тимур Сүлейменов қызметке отырды.
Сонымен бірге бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып Нұрғалым Абдиров тағайындалды.
Тоқаев министрлерді неге ауыстырды: Руслан Желдібай ауыс-түйістің себебін айтты
"Тамада министр": Қызметінен босатылған оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев несімен есте қалды
Еске салайық, бұған дейін Ернар Лазар президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғанын жаздық. 1986 жылы Алматыда туған, халықаралық қатынастар магистрі болған. Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Жапония, Нидерландтағы елшіліктерінде қызмет атқарған. 2018 жылдан бері президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
