Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медициналық университетін "жалпы медицина" мамандығы бойынша, 2003 жылы - Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2007 жылы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын фармация мамандығы бойынша бітірді. 

2018 жылы - Қазақстан медициналық университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін тәмамдаған.

Жандос Бүркітбаев өзінің еңбек қызметін 1996 жылы Алматы қалалық клиникалық жедел жәрдем ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері ретінде бастады.

Осы жылдары ол Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, Комитет қызметін қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Талқылау