Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов грузиндерге шикі қазыны қалай жегізгенін айтып берді

Жандарбек Бұлғақов басынан өткен қызықты оқиғасын бөлісті. Ол бір кездері байқаусызда грузин азаматтарына шикі қазы жегізген екен.

ZHandarbek-Bulgakov

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Өзіңізді ерте тұратын ер-азаматтардың қатарына қосасыз ба?

– «Ерте тұрған еркектің бір ісі артық» деп айтып жатады ғой. Оның үстіне қаланың қарбалас тіршілігі бар. Түске дейін ұйықтау мүмкін емес. Арасында шығармашылық жұмыстарыма байланысты кеш ұйықтап, түсте тұрамын. Неғұрлым ерте тұрсақ, соғұрлым жұмысымыз өнімді болады.

– Осы күнге дейін өзге ұлт өкілдерінің үйіне қонаққа барып, домбырамен күй шерткен кездерің болды ма?

– Айтыскер ақындардың көбісі ауылда өскен, қарапайым қара шаңырақтар шыққан. Бірақ менің әке-шешем 90-жылдары қалаға көшіп келген болатын. Сол себепті, асфальттың үстінде ойнап өскен баламын десем де болады. Ол уақыт тоқырау заманы болғандықтан, Талдықорған ауылдан кем болмады. Әртүрлі ұлттардың балаларымен ойнауға тура келді. Біз олардың, олар біздің үйімізде қонақта болатын.

– Қай ұлттың тағамы көбірек ұнайды?

– Осыған қатысты бір қызық оқиға айтып берейін. Магистратуралық білім алып жатқан кезде, 10 күнге шетелге жіберді. Қызылордалық бауырыммен Германияға бардық. Үйден ет алып шыққан болатынбыз. Әуежайда қазыны өткізбейтінін жақсы білесіздер. Үйдегілерге етті фольгаға ораттым. Қонақүйдің төменгі қабатына түссем, грузин халқының азаматы қолына алмадан жасалған тағамды ұстап отыр екен. Біз де етімізді шығара бастадық. Барлығы қайдан келгенімізді сұрай бастады. Ақыры біз етімізді, олар бізге алмадан жасалған тағамын берді. Бір уақытта бәрі тарап кеткен соң қызылордалық бауырым Бекарыс «Сенің етің піскен бе?» деді. Дәмін татып көрсем, сүрленген ет сияқты. Үйге хабарласып «Сендер, мына етті пісірдіңдер ме?» деп сұрадым. Олар ет бұзылып кетер деп шикідей салған екен. Өзге ұлт өкілдеріне осылайша шикі ет жегізгенім бар.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын жас келіншегімен бірге бал айына аттанды (фото)

Динара Қырықбаева желідегі қыздың тілін «қысқартуға» уәде етті

Айқын КешYou-дің экс-әншісін тоқалдыққа алғанын растайтын той видеосын түсіндірді

Димашқа франциялық көрермендер тікесінен тік тұрып қошемет көрсетті (видео)

Талқылау