Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады

Еліміздің басым бөлігінде алдағы күндері жауын-шашынды болмақ. Бұған себеп  Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттар.

Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады

Батыстан басқа өңірлердің барлығында жаңбырмен қоса дымқыл қар жаууы ықтимал. Сондықтан, “Қазгидромет” бірқатар облыстарда дауылды ескерту жариялады.

Жауынның арты өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкелуі әбден мүмкін. Сол себепті, жұрттың мұндай жағдайға дайын болғаны абзал. Көп жерде тұман түсіп , көктайғақ болады. Әрі күшті жел тұрады дейді синоптиктер. Оның екпіні Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 метрге дейін жетпек.

Ал, шығыста, тіпті жел секундына 25 метрге дейін  соғады. Оңтүстіктегі өңірлерде найзағай да күтілуде. Ал, Жамбылда жаңбырдың арты бұршаққа ұласады деген болжам бар. Әзірге тек батыста ғана күн ашық болмақ.

Тағы оқыңыз: 

Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Оралда коттедж баспалдағынан құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Теңге мен рубльдің құлдырауынан соң тауарлардың бағасы күрт қымбаттауы мүмкін

Талқылау