Жанболат Мамайдың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды
Тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бұл жөнінде оның әйелі Инга Иманбай мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқығы жөніндегі Омбудсмен назарына.
Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр. Бүгін оның денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр”, – деп жазды Иманбай сенбіде желідегі парақшасына.
- "Халықтан басқа ешкімге жауап беруге міндетті емеспін": Ермұрат Бәпи Инга Иманбайдың жеңілісіне байланысты пікір білдірді
- Қаңтар оқиғалары мен Мамайдың ісін тергеуге келген еуропалық комиссия алғашқы мәлімдемелерін жасады
Еске салайық, Мамайға билік өкілдеріне тіл тигізді, қасақана жалған ақпарат таратты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылған болатын. Саясаткердің өзі кінәсін мойындамай, тергеуде дәлелдердің жоқтығын алға тартады.
10 сәуірде Жанболат Мамайдың алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"