Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбырлы маусымның басы осы айдың аяғында басталады: Алматы жаңбырға дайын ба

Жылда жаңбыр маусымы басталысымен Алматы көшелеріндегі арықтар арнасынан асып, аула мен тұрғын үйлерді су басып жатады. Синоптиктердің болжауынша биыл да күз маусымы Алматыда жаңбырлы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жаңбыр жауса ауласы шалшыққа, арнасы суға толатын Алматы қаласы тұрғындарды жылда сарсаңға салады. Кептеліске толы көшесі жауынның салдарынан қалаға кіріп-шығатын 48 мың көліктің 20%-ын тежейді де тұрады. Су нысандарын басқару бөлімінің басшысы Мұрат Сейітқазыұлы мәселенің мән-жайын түсіндірді.

"Биыл тек қана сметалық құжаттар дайындатып жатырмыз 376 кмге. Бүкіл қала бойынша талдау жұмыстарын жүргізудеміз. Талдау жұмысы барысында келесі жылы қанша арық жасауымыз керек, қай арықтар қауіпті, қай жерге бірінші кезекте жөндеу жасау керек, солардың барлығының қорытындысын береді", - дейді ол. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қаламызда жаңбырға осал бірнеше аймақ бар. Олар Қарасу ықшам ауданы, Алатау ауданы, Жетісу ауданындағы бірнеше көшелер. Қаладағы арықтардың суға толуы тұрғындардың тазалығына тікелей байланысты. Себебі, тиісті санитарлық мекеме жылда арықтарды тазалап отырғанымызбен, тұрғындар тастаған қоқыс арнасын бөгейді дейді. Ал Қазгидромет жаңбырлы маусымның басы осы айдың аяғында басталатынын айтады. 

"Бүгін бізде Алматыда жаңбыр жауды. Болжам бойынша, нөсерлі жауын болатын жалпы жауған жауын қала аймағында 8 мм, ал таулы аймақта тұйық суда 18 мм. Бұл көрсеткішті нөсерлі жауын-шашын деуге болады", - дейді Қазгидромед Алматы қаласының басшысы Светлана Аманкулов. 

Ситоптиктердің сөзіне сүйенсек, биыл күз айлары жауын-шашынға толы болмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр