Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, жел тұрады: Еліміздің 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

28 сәуірде Қазақстанның төрт облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 27 Сәуір, 2021 16:41
Талқылау