Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады: Алдағы күндерге арналған ауа айы болжамы жарияланды

6-8 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. 

"Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады, 06-08 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 08 сәуірде солтүстікте жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады, жел күшейеді. 06 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 06-07 сәуірде Алматы облысында, 08 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда. Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады”, – дейді синоптиктер. 

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20 жылыға дейін көтеріледі.


Қазақстан үнемі су астында қалса да, ешбір әкім қызметінен босатылмаған: Су тасқындарының хроникасы

Талқылау