Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда жаңбыр жауып, солтүстік-батыста күн күркіреп, бұршақ жауады. Тек шығыста жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстік-батыста – тұман күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында 42°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +34+36°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +36+38°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.

Талқылау