Жаңбыр мен ыстық: Қазақстанда аптаның басында ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстан бойынша 1-3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батыс өңірлері жоғары қысым аумағында болады, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
“Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды”, – дейді синоптиктер.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн