Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр мен бұршақ жауады: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Апта басында Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы күрт төмендеп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

жаңбыр

«Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық фронттармен циклон ығысып, олардың республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы жылжуымен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, желді дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада. 

Мұнымен қатар, батыста және оңтүсікте жауын-шашынсыз, бірақ оңтүстікте ыстықтың орташа көпжылдық мәнге дейін бәсеңдеуі күтіледі. 

Талқылау