Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық дастархан 21 мың теңгеге: 2021 жылды қарсы алу шын мәнісінде қанша тұрады?

Жуырда Ұлттық банк сарапшылары жаңа жылдық дастархан мәзірін әзірлеуге қазақстандықтар орташа есеппен қанша ақша жұмсайтынын есептеді. Олардың мәліметінше, елімізде жаңа жылдық дастарханның орташа құны - 21 108 теңгені құрады. Stan.kz ақпарат агенттігі бұл сома қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтамақ болып, дүкен сөрелеріндегі аталған жаңа жылдық мәзірдің құнын есептеп көрді. 


Ұлттық банк мамандары жасаған талдауда еліміздің алты қаласы Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Павлодардағы бағалар келтірілген. 

"Жаңа жыл қарсаңында Galymzhan жүйесі жинаған деректер базасында жаңа жылдық үстелдің құны бағаланды. Осылайша, іріктемеге аталған жүйеде бар қалалар енгізілді, ал жаңажылдық мәзір сараптамалық түрде жасалды. Жаңа жылдық үстелдің құны Қазақстан бойынша үй шаруашылығындағы адамдардың орташа санын - төрт адамды ескере отырып есептелді", - делінген Ұлттық Банктің 2020 жылғы Қазақстанның ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында.

Ұлттық банктің деректері бойынша, ел бойынша орташа есеппен жаңа жылдық үстелдің құны 21 108 теңгені құрайды. Мерекеге елорда тұрғындары (23 117 теңге) көбірек, ал Павлодар тұрғындары (19 195 теңге) аз шығындалады. Ет бағасы елдегі ең төменгі бағамен есептеледі.

"Ең қымбатқа шығатын дастархан Нұр-Сұлтанда, ең төменгісі - Шымкентте. Айта кету керек", - деп атап өтті Ұлттық банк мамандары.

Сонымен, біз Ұлттық банк ұсынған таблица бойынша барлық азық-түліктің бағасын есептеп, барлығын 1 келіден алдық.

Сонымен, дастарханның бас мәзірі - ет, оның құрамына кіретін қазының 1 келісі 3290 теңгеге бағаланып отыр. Бір қазы әдетте 1 келіден сәл асатынын ескеру керек. Жылқы еті - 3190 теңге. Одан басқа сиыр еті қажет, 3380 теңге. Еттің нанына қажетті ұн 2 келілік қорапта сатылады, бағасы - 540 теңге. Оған қажетті жұмыртқаның он данасы - 525 теңге. Картоп еттен басқа "Оливье" салатына да қажет, сондықтан екі келісі үшін 450 теңге. Пияздың бір келісі - 143 теңге. 

Ұлттық банк міндетті деп көрсеткен келесі жаңажылдық мәзір ол - "Оливье" салаты:

Пісірілген шұжық, 0,5 кг - 950 теңге;

Майонез - 237 теңге;

Маринадталған қияр - 696 теңге;

Консервіленген бұршақ - 314 теңге. 

"Селедка под шубой" салаты:

Балық, 0,5 келі - 450 теңге;

Қызылша, 0,5 келі - 90 теңге;

Сәбіз - 218 теңге.

Қалған құрамдастары басқа мәзірлер үшін алынған. 

Бауырсақ:

Сүт, 1 л - 400 теңге.

Тәттілер:

"Каракум" конфеті, 200 гр. - 425 теңге;

"Грильяж", 200 гр. - 400 теңге;

"Барбарис", 200 гр. - 160 теңге;

"Колосок", 200 гр. - 165 теңге;

Печенье "Рахат", 0,5 кг - 320 теңге;

Вафли, 400 гр. - 840 теңге.

Жеміс-жидектер:

Мандарин, Түркия - 990 теңге;

Алма - 390 теңге;

Апельсин - 790 теңге;

Банан - 590 теңге.

Алкольді сусындар:

Коньяк, "Қазақстан" 3* - 1650 теңге;

Шампан, "Бахус" - 1048 теңге.

Сусындар: 

Coca-Cola, 1,5 л - 420 теңге;

Fanta, 1 л - 310 теңге;

Sprite, 1 л - 310 теңге;

Асем-ай, Сарыағаш, 1,5 л - 148 теңге. 

Қорытынды: 23 829 теңге.

Сонымен, жаңа жылдық дастархан мәзірі Ұлттық банк есептеген межеден сәл ғана асты. Бұл жерде ескере кететін жәйт, барлық азық-түлік тек қажетті мөлшерде алынды. Одан басқа, бірер салатты есептемегенде, тіскебасарлар мен торт, кептірілген жеміс-жидектер бағасы ескерілмеген. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Желтоқсан, 2020 15:05
Талқылау