Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанатбек Бәйтеков: Атақ-марапаттардың бәрі елге еңбегі сіңбеген азаматтарға беріліп жатыр

Әзіл әлемінде әрдайым жайдарлы жүретін Жанатбектің соңғы кездері көңіл-күйі жоқ! Бүгінде Бәйтековтің басын қатырған басты мәселе, мемлекеттік марапаттардың тиісті таланттарға табысталмауында болып отыр.

жанатбек 050917

Мәселен, қолы қалт етсе халықтың қасынан табылатын әзілкеш, қазіргі таңда «Еңбек сіңірген әртісі» атағы, елге қызмет етпегендердің еншісінде екеніне қапалы,- деп жазады актермен тілдескен Stan.kz тілшісі.

«Мысалға мен болайын, басқа болсын сондай ел аралап жүрген актерларға үкімет атақ ұсынса, мысалға «Ел әртісі» немесе «Еңбек сіңірген әртісі» деген атақтарды алуға болатын еді. Еңбегің сіңіп, маңдай терің тамып, табаныңнан тозып, жол жүрсе мен сонда түсінемін, мына кісі «Еңбек сіңірген әртіс» деген атқа лайықты деп сенер едім», –  дейді Жанатбек.

Жанатбектің пайымдауынша атақты алып, ән мен әзіл әлемінде жүрген әріптестері көрерменнің шынайы қошеметіне бөленбеген. Сондай-ақ, аталған өнерпаздардың ауыл-аймақтағы халыққа алыстан қол бұлғап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда сараңдық танытып келгендерін де қадап айтты.

ЖАНАТБЕКККК

«Біз ауыл-ауыл, бөлімшелерге дейін барамыз. Қай жерде мәдениет үйі бар. Сол жердің барлығына концерт қойдық. Аудан немесе облыс орталығынан қайтып кете беруге болатын еді. Ал, ауыл жаққа кім барады, ол жақта өсіп келе жатқан жастарды ән, әзілмен тәрбиелейтін адамдар керек қой. Алматы, Астана да жүріп былай-былай дей береміз. Оны көзіңмен көрмей, қолыңмен ұстамай еш нәрсе айта алмайсың. Ал, мен оны көрдім», – деп отыр Бәйтеков.

Бірақ, қатарластары мемлекеттік марапатқа қарық болып жатқанда, Жанатбекке атақ әлі бұйырмай жүрсе керек. Тіпті, бірнеше мәрте талпынған Бәйтековтің әрекеті нәтижесін бермеген көрінеді.

«Мен алсам баяғыда алып қоятын едім. Бірақ мен алған жоқпын. Бірнеше атақтарға ұсынды. Бірақ білмеймін енді, мүмкін еңбегі сіңбеген деп қабылдамаған шығар. Мен оған талпынған да жоқпын, жүгірген де жоқпын. Енді үкімет өзі елеп-ескеріп, осындай азамат лайықты десе, барып алуға болады» – деп ойын ашық айтқан актер, марапаттан дәмелі екенін де жасырмады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)

Жаның жәннәтта болсын: Бейбіт Сейдуалиева марқұм анасымен қоштасты

Талай әншіні танымал еткен Баян Есентаеваның өзі қалай ән айтады? (видео)

Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты (фото)

Талқылау