Жанар Дұғалованың отбасылы әріптесімен көңіл қосқаны рас па?
Жанар Дұғалова мен Дастан Оразбековтың құшақтасып түскен суреттері желіні шулатты. Отандық БАҚ олар көңіл қосқан болуы мүмкін деген ақпарат таратуда. Десе де, бұл қос жұптың телехикая түсірілімі кезінде түскен суреті болуы мүмкін.
Бұл туралы alashinform.kz басылымы хабарлайды.
Инстаграм желісінде жария болған эстрада жұлдызы Жанар мен Дастанның құшақтасып түскен суреті халықты бей-жай қалдырмады. Олар әріптестер арасында сезім оты тұтанған болар деген ниетпен жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мұнымен қатар, мұны әдепсіздікке балағандар да болды.
“Осыған дейін, Дастанның отбасылы азамат екенін білетінбіз. Айқын мен Жұлдыз, Дәурен мен Ақбота, енді Дастан мен Жанар шулатты желіні. Бір қызығы, осылардың барлығы кезінде отбасылы еркекпен көңіл жарастырған Баянның шәкірттері. Өнер жұлдыздарының арасында отбасылы еркекпен көңіл қосу “модаға” айналып кеткен жоқ па?” – деп жазады басылым.
Дастан Оразбеков сұхбаттарының бірінде телехикаяда өзге әйелмен сүйіскені үшін заңды жұбайынан бірнеше күн бойы кешірім сұрағанын айтқан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Екінші рет ажырассам, тағы да кітап жазамын
Тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова тегін өзгертті
Ақбота Керімбекова экс күйеулерін ұлдарымен өзі мәжбүрлеп араластыратынын айтты