Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)
Жуырда ғана “Ала кетпедің” бейнебаянымен елді шулатқан Жанар Дұғалова бұл туындыны жарыққа шығару үшін біраз қиыншылықты бастан өткерген.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жанардың жаңа бейнебаянын көрген тыңдармандар ондағы ғашықтардың махаббат өртіне оранатынын жақсы біледі. Жалпы бұрындары мұндай туындыларды көрермендер шетелдік кинолардан ғана көретін. Енді, міне, техника дамыған заманда бәрін де жасауға болатынына көзіміз жетіп отыр. Десе де оның да өз қиыншылығы бар екен.
Режиссер Ернар Нұрғалиевтің парақшасында жарияланған мына видео осы сөзіміздің айқын дәлелі болмақ. Онда өртке күйген ғашық қыздың рөліне ену үшін Жанардың қалай қиналғанын көруге болады.
Видеода әнші денесінің терісінің алынып жатқанын және тәні ауырып тұрғанын айтып шағымданған.
“Қолдарыңызды алыңыздаршы, өте суық, терімді сыпырып жатырсыңдар”, – деген Жанардың шынайы көз жасы оның тыңдармандарын бей-жай қалдырмады.
Айтпақшы видеоны көрген желі оқырмандары алғашқыда Жанарды танымай қалды. Кейіннен әншінің бейнебаян үшін осындай құрбандыққа барғанын ескерген тыңдармандар оған жанашырлық білдірді.
Есте болса, Жанар дәл осы бейнебаянда актер Тәуекел Мүсіліммен оттың ортасында тұрып сүйіскені үшін сынға қалған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды
Аша Матай “ана болу” тақырыбында шеберлік сағатын өткізбек
Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр
Бағым Мұхитденова өзін “толық” деп сынағандарға жауап берді (видео)