Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова өзін “толық” деп сынағандарға жауап берді (видео)

Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова өзінің дене сымбатына әрі киіну стиліне мін таққан сыншыларға жауап берді.

багым_100217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, көптеген желі оқырмандары оны “жасына сай емес киінеді әрі дене сымбатына қарамайды” деп сынайды. Бұл ретте “Esentai production” орталығының музыкалық продюсері өзін ұнатпайтын сыншылардан кешірім сұрады. Алайда киіну стилінің өзіне қатты ұнайтынын атап өтті.

«Иә, мүмкін мен басқаларға ұқсамайтын шығармын! Мен әркез осылай киінетінмін. Алайда мен үшін ішкі жан дүнием маңыздырақ, 41 жасымда көпшілік айтқандай «жасыма сай емес» киінгенім үшін кешіріңіздер мені! Өзімнің толық екенімді де жақсы білемін және мен әрқашан сондай болдым. Әнді сезінгеніме қарай билеймін және оған бола бас қатырмаймын. Бастысы «КешYou» тобының жаңа әні өте жақсы шығайын деп тұр», – деп жазады Бағым Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде екінші апта қатарынан көш бастап тұр

Тұрсынғали Алагөзовтің қызы БАҚ-қа арызын айтты

Айнұр Тұрсынбаева ер адамдардың қандай әйелдерге ынтық болатынын айтты

Қазақстандық актер адам өлтірді деген айыппен 11 жылға сотталып кетті

Талқылау