Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова өмір сүруге не кедергі келтіріп жүргенін айтты

Жанар Дұғалова өзінің ең жақсы әрі ең жаман қасиетін жасырмай айтып берді. Әнші өзінің өмір сүруіне не кедергі келтіретінін тілге тиек етіп, өзгеру жолында қандай қадамдарға баратынын жеткізді. Бұдан бөлек, мыңдаған жігіттің арманына айналған ару өзіне қандай жігіттердің ұнайтынын әңгімелеп берді.

жанар и айкын-130217

Бұл туралы Жанар “Қазақстан-Ақтау” телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

“Менің ең жақсы да жағымсыз қасиетім – әр нәрсені мінсіздендіруім. Бір жағынан ол мені өлтіріп барады, ал екінші жағынан ол мені жігерлендіреді, маза бермейді, яғни мен қойған мақсатыма жетпейінше тынбаймын, болмысым осындай. Мәселен, қазір мен сізге сұхбат бере отырып оны екінші рет түсіргім келіп отыр. Себебі оны көрген кезде өзімді ұнатпайтынымды білемін. Перфекционизм деген де осы. Ол өмір сүруге қатты кедергі келтіреді.

Әнге келсек те, олардың көп болмауының басты себебі осында. Себебі мен бірдеңені қолға алсам, ол мінсіз болуы, барлығы көңілімнен шығуы тиіс. Бұл көбінесе айналамдағылардың шамына тиеді. Дыбыс режиссерлерінің, өңдеушілердің жанын аламын, қинаймын, жылаймын, дегбірсізденемін, бірақ одан кейін бар жанымды беремін. Нәтиженің оны қаншалықты ақтайтынын білмеймін. Дегенмен өмір ол сахнадан да артық нәрсе, оны енді ғана түсініп жатырмын. Өмір дегеніңіз менің әндерімнен де артық дүние. Ал мен менің туындыларым тарихта қалуы тиіс деп ойлайтынмын. Осыны түсінгендіктен көп нәрсеге жеңіл қарауды үйреніп жүрмін, алайда әзірге қолымнан келер емес”, – дейді Жанар.

Бұдан бөлек, әнші өзінің арманындағы жігіттің қандай үш қасиетке ие болуы керектігі туралы айтты.

“Ол мейірімді, дана әрі батыл болуы тиіс”, – деп ағынан жарылды Жанар.

Еске сала кетейік, жуырда ғана Жанардың көпшілікті шулатқан “Ала кетпедің” бейнебаяны жарыққа шыққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайда журналистерге арнап “Дударай” әнін шырқап берді (видео)

Димаш Құдайбергеновке қандай қыздар ұнайды

Желіде Димаш пен Джеки Чан кездесуінің бейнежазбасы пайда болды (видео)

Кинотеатрда белгісіз бойжеткен Баян Есентаеваға тап берді (видео)

Талқылау