Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова Бейбіт Құшқалиевтің бетін қайтарып тастады

Бейбіт Құшқалиев жаңа клипінен кейін көпшілік сынының астында қалды. Көрермендердің көбісі Бейбіттің "сүйіктісінің" өзінен тым жас болып көрінгені туралы айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеп. 

Жанар Дугалова

"Жалпы ол кішкентай қыз емес. Екіншіден клипте адамның түрі маңызды. Ол қыз фотоға әдемі түседі. Маған қарағанда тым жас көрінетінін клипті түсіріп болғаннан кейін барып түсіндік", - деп ақталған әнші клипке басқа қыз түсу керек болғанын жасырмады. 

"Мен клипке түсуге Жанар Дұғалованы шақырғанмын. Сен жақсы келесің, жасың да келеді деп ұсыныс тастағанмын. Өкінішке орай, ол шет елге кетіп, болмай қалды. Бірақ ол ешқандай мәселе емес. Хайп болып қалатыны сөзсіз", - деген әнші өзінен жасы кіші қыздарды клипке түсіретін жалғыз өзі емес екенін тілге тиек етті.

"Меладзенің клиптерін көретін болсаңыз өзінен 15-20 жас кіші қыздармен бірге түсіп жатады. Ол клиптің сәні деп білген дұрыс шығар. Өйткені, ол әйелім емес, ол қыз. Ол жай менің клипімде сомдаушы. Ешқандай онымен қарым-қатынасым жоқ. Солай түсіну керек. Әдемі дүние деп қабылдау керек", - дейді Құшқалиев.

"Хайпты міндетті түрде ойластырып жүреміз. Бәрібір хайпқа жақын нәрсе жасау керек. Дегенменде сөзі де, әні де дұрыс, еш жерден ұрланбаған ән болу керек", - деп сөзін қорытты әнші. 

Айта кетейік, Дұғаловамен Құшқалиев өмірде айырылмас достар. Бейтітің алғашқы хитінде Жанар Дұғалованың дауысымен жарқ еткен болатын. 

Талқылау