Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін
Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған бюджеттік қаражатты жымқырған факті бойынша танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстаған болатын. Аталған оқиғаға қатысты әнші Жанар Айжанова да өз пікірін білдіріп жатыр.
Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Байдың жорғасы көрінбесе де, кедейдің дорбасы көрініп қояды демекші, енді Тұңғышбай ағамыздың қалтасын санап жатырмыз ба? Ұят-ай! “Қан мен терде” Тәңіржан деп басымызға көтердік. Сол бала кезімізден көш басында келе жатқан, ел болып құрметтеген асылымызды бүгін мынадай дедік пе? Өз бетін аямаған кісі бетін шиедей қылады деген масқара.
Үйде отырып кешеден бері сізден ұялып отырмын, Тұңғышбай аға. Әділ шешім болып, сүттен ақ, судан таза болып шығуыңызға тілектеспін. Шыдамды болыңыз! Халқыңыз сізді қолдайды. Сізге деген қарындастық жылы көзқарасым ешқашан өзгермейді. Алдымызда жүрген біз үлгі тұтар тұлғасыз!” – дейді Жанар Айжанова.
Әншінің бұл пікірін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар өз кезектерінде актерді жақтап сөйледі. “ Қазақ халқы үшін ұят болды! Басқа ұстайтын адам жоқтай, беткеұстар ағамызды қара бет қылғандары несі?!”, “Иә, аға, сізге жала жапқандар оңбайды. Халықтың алдында қанша қара күйе жақса да, қасықтап жинаған абыройыңыз еш бұзылмас!”, “Жүрегім қан жылайды! Сенгім келмейді, сенбеймін де” деп жазады желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Аша мен Арман қыздарының есімін Асылым деп қойды (видео)
Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?
Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым
Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді