Жанар Айжанова “қайыршыға” айналған оқырмандарын сөгіп тастады
Қызылордалық жалғызбасты ана Жанар Айжановадан көмек сұрады. Әйел аяғына жара шыққанын айтып, әншіден дәрі-дәрмек алуға ақша сұраған. Айжанова мұндай хаттардың көптеп келетінін атап өтіп, желіде отыруға мүмкіндігі бола тұра, арзан дәрі үшін “қайыр” сұраған әйелді сынап тастады, деп жазады Stan.kz.
“Мен бір нәрсені түсінбеймін, әртістер ақшаны күрекпен жинап жатыр деп кім айтты? Мына жараға жағатын дәрі көп болса 1500-2000 теңге тұратын шығар. Егер қолыңда телефоның болса, инстаграмда тіміскілеп отыратын болсаң, демек кім болсаң да, қайыршы емессің. Адамдар қандай арсыз болып бара жатырсыңдар. Күнде осы, ватсапта, дайректке, сообщениемен ақша сұрап жатады. Айтатындары сол, кредитімді жауып бер, бір көйлегіңді бер, сырғаңды бер, байым тастап кетті мені, асыра деген әңгімелер.
Не үшін мен ақша беруім керек? Садақаны кімге, қалай беріп жатқанымды қайдан білесіздер? Ұят емес пе?
Қолдарыңда телефондарың, ар жағында отырып алып қайыр сұрап, намыс қайда? Әшейінде әртістерді жерден алып, жерге салып, мін айтқанда кереметсіздер. Мына кісінікі тіптен сорақы, күн жаумай су болып. Тышқан бір жерін көріп жаралы болыпты демекші (Бұл тек тіленшектерге айтып жатқан сөзім). Қайыр сұрау жақсы әдет емес, ағайын. Көбейіп кеткені соншалық, тіптен сенуден қалдық.
Желі қолданушылары аталған жайтқа қатысты пікірлерін ортаға салды. Олардың бірі мұндай жағдайдың кім-кімнің де басына түсуі мүмкін екенін айтып, өнер иесін кешіріммен қарауға шақырды.
“Жай ғана кешірерсіздер. Ақшам болмай тұр дей салыңыз. Қатты қиналған шығар, өз басымнан да өткен ондай жағдай. Алла шипасын берсін. “Қасиет” деген крем бар, соны жағып көріңіз. Міндетті түрде көмектеседі деп ойлаймын. Менің жекеме жазыңыз, алып берейін”, – дейді ол.
“Жанар Айжанова! Сіз ол кісімен адамша сөйлесе алмадыңыз ба? Ол адамды не қинайтынын біліп?! Сізден жай ғана крем сұрады, соған бола арнай пост жазыпсыз. Өзіңіз де бай емес көрінесіз. Сондықтан да сізден жай ғана мазь сұраған. Сонша шу көтеріп”, – деп әншіні сынға алды екіншісі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
