Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды

Жаңаөзенде жергілікті тұрғын қару қолданған ер адамды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атыс

Кадрда екі жас жігіттің қара жол талғамайтын көлікке бара жатқанын көруге болады. Олардың бірінің қолында қару болған. Айқай-шу, оқтың дауысына ұқсас дыбыстар естіледі. Содан кейін жол талғамайтын көлік кетіп, кадрға жердегі кір түсіп қалады.

"Бұл қан", - дейді кадр сыртында әйел.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір автокөлікті, сондай-ақ видеодағы адамдарды іздестіру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факті бойынша "102" пультіне шақырту түскен жоқ. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да шағым түскен жоқ", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Талқылау