Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде сәбиінен айырылған жас ана көз жұмды

Бүгін, 18 қаңтар күні таңертең Маңғыстау облыстық емхананың жансақтау бөлімінде Гүлзада Башенова көз жұмды.

znakcom-357657-580x353

Бұл туралы Тумба хабарлайды.

Екі баланы анасы, 23 жастағы Гүлзаданың күйеуі Қанат Башенов бұған дейін облыстық дәрігерлерге еш шағым айтпайтынын хабарлаған.

Ол әйелінің өліміне Жаңаөзендегі дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, әйеліне уақытында тиісті көмек көрсетілмепті. Башенов жерлеу рәсімінен кейін қалалық прокуратураға арызданатынын айтты.

Айта кетейік, құрсағында 5 айлық сәбиі бар Гүлзаданы 4 қаңтар күні Жаңаөзеннен облыстық емханаға жеткізген. Оған сепсис диагнозы қойылды.

Келесі күні науқасқа ота жасалып, дәрігерлер шарананы өлі күйінде алды.

Жіберіп алмаңыз:

7 жасар қырғыз баласы апаттан қаза болған отбасын соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды

Алматы облысында отбасы әскерге жіберген ұлдарын табытпен қарсы алды

Талқылау