Жаңаөзенде мүгедек әкесіне қарап отырған оқушы қызға жерлестері пәтер сыйлады

Маңғыстау облысында мүгедек әкесімен бірге тозған үйде тұрып жатқан 14 жастағы қызға жерлестері пәтер алып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Желіде Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында мүгедек әкесімен бірге тұратын қыз баланың жағдайы туралы бейнеролик пайда болды.

Видеоның басты кейіпкері - 14 жасар Қалжан. Анасы отбасын тастап кеткен, ал қыз оны ешқашан көрмеген.

Қалжан әжесімен және мүгедек әкесімен бірге тұрған. Әжесінің қолында өскен. Екі жыл бұрын кейуана қайтыс болған. Сол сәттен бастап барлық жұмыс жасөспірімнің мойнында қалды. Қыз мектепте оқып, үйдегі барлық жұмыстарды істеп үлгереді.

Бейне авторының сөзінше, отбасы тұрып жатқан үйде жылу, газ және су жоқ. Пешті отынмен жылыту керек, бірақ олар тез таусылып қалады. Ал суды оқушы көршілерден тасиды. 

Кадрлардан үйдің апатты жағдайда екенін көруге болады. Төбесі құлайын деп тұр. Бөлмелерінде есік жоқ. 

Видеоға Жаңаөзеннің жанұясына тұрғын үй сатып алған жанашыр тұрғындары үн қосты. Қалжан әкесімен бірге жаңа пәтерге көшіп, қоныс тойын тойлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр