Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде моншада интимдік қызмет көрсеткен 16 әйел ұсталды

Жаңаөзенде полиция қызметкерлері сауналарда Өзбекстан мен басқа да аймақтардан келген 21-42 жас аралығындағы 16 әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында түнгі рейд шараларын жүргізу барысында сауналардың бірінде заңға қайшы келетін қызметтер көрсетілгенін анықтаған.

5-ші тамыз күні сағат 23:20-да карантинге және шектеулерге қарамастан жұмыс істеген сауна белгілі болды. Оқиға орнында саунаның әкімшісі мен 7 қыз ұсталды.

Қыздардың жеке басын анықтау үшін оларды Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Сағат 23:40-та және түнгі 2-де "Шаңырақ", "Астана" шағынаудандарында жұмыс істеген сауналардан тағы 9 әйел мен әкімшілер ұсталды.

Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың хабарлауынша, қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.

"Жеткізілген барлық қыздар "жезөкшелік" санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді", - деді полиция басшысы.

Талқылау