Жаңаөзенде көлік тұрағындағы Toyota ішінен ер адамның денесі табылды
Жаңаөзенде тұрақта тұрған көліктің ішінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем бекет қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 44 жастағы Мұнайлы ауданының денесін 4 қаңтар күні "Жаңаөзен" ойын-сауық кешенінің күзетшілері Toyota Camry көлігінің ішінен тауып алған. Қарауыл қызметкерлері бұл көліктің кешеннің көлік тұрағында бірнеше күннен бері тұрғанын айтыпты.
Жаңаөзен бөләмшесінің полицейлері оқиғаны тіркеп, оның мән-жайын анықтауға кіріскен.
"Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Ер азаматтың денесінде жарақаттар байқалмайды", - деді облыстық ПД қызметкерлері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”