Жаңаөзенде балаларға қол көтерген мұғалім жұмыстан шығарылды
Жаңаөзенде оқушыларына қол көтерген дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан қуылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” газетіне сүйене отырып.
Видео скрині
24 қарашада желіде жаңаөзендік мұғалім оқушыларға қол көтеріп жатқан видео тараған еді. Одан дене шынықтыру мұғалімі сабақта бір оқушының шашын тартқылап, ішінен ұрғанын, екіншісін артынан тепкенін көруге болады.
Мұны сол сабақта отырған оқушылар түсіріп алған.
Кейін Жаңаөзен білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізетінін айтты.
Мектепте 2014 жылдан бері істеп келген педагог заңға сәйкес жұмыстан шығарылған, ал мектеп директорына ескерту айтылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”