AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде ақшаларын сақтандыру компаниясына құйған мұнайшылар бас көтерді

Жаңаөзенде бір топ мұнайшы сақтандыру компанияларына алданып қалғандарын айтып, наразылыққа шықты. Олар 2015 жылдан бері инвестициялық қорларға иланып, әрқайсымыз 13 миллион теңгеден ақша аудардық дейді. Бастапқыда компания өкілдері салымшыларды құйған қаражатты кез келген уақытта шешіп алуға болады деп сендіріп келген көрінеді. Ақыры тірнектеп жинаған зейнетақы қорындағы теңгемізді кері қайтара алмай қалдық дейді салымшылар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Наразылық

"Халықтың қаражаты өздеріне қайтарылсын!" деген плакаттарын алып Жаңаөзен әкімдігінің алдына жиналғандар 2015 жылдан бері "Грандес лайф", "Еуразия", "Номад лайф" "Фридом финанс", "Халық лайф" және "Стандарт лайф" сақтандыру компанияларына әрқайсысы кем дегенде 13 миллион теңгеден аударғандарын айтады. Сөздерінше, компания өкілдері жиналған қаражатты 2 жылдан кейін үй алуға немесе басқа да мақсаттар үшін толық шешіп алуға болады деп уәде берген. Бірақ зейнетақы қорындағы қаражатты халық игілігіне пайдалануға болады деген заң шыққаннан кейін сақтандыру компаниялары сөзінен тайып кетті дейді. Алғашқы келісімшарт бойынша әр салымшы салған ақшасына байланысты ай сайын 30 бен 50 мың теңге арасында төлем алып отырғандарын айтады. Ал ол қаражатты компания кейбіріне 96, кейбіріне 120 жасқа дейін есептеп қойған дейді.

“Неге халықты олай алдайды? Ар жағында отырғандар да басшылар ғой, бұлай істеуге болмайды ғой. Мен 83-жылдан бері жұмыс жасаймын. Ол өзімнің маңдай терім”, – дейді салымшы Зәуреш Шекенова.

“Сонда біздің ақшамызды айналымға жіберіп, қомақты пайда көріп отыр ғой. Неге бізге үлес бермейді? Олар біздің ақшамызды азайтып отыр. Сосын өлген адамдардың ақшасын, жерлеу рәсіміне деп 330 мың теңге ақша береді. 6 айға дейін 30 мың-35 мың теңгеден береді. Содан кейін "кешір мені" жоқ дейді”, – дейді салымшы салымшы Төлеп Отыр.

Қазіргі уақытта 572 салымшы барлығы 8 миллиардтан астам қаражатты қайтаруды талап етіп отыр. Ал сақтандыру компанияларының өкілдері түрлі сылтаумен сұхбат беруді кейінге шегерді. Ал Жаңаөзен қаласының әкімдігі бұл істі бақылауымызда ұстап отырмыз деді.

“Енді ала алмайды. Себебі заң басқа. “Сақтандыру қызметі туралы” заң жүреді. Өздерінің келісімшартының ең соңғы пунктінде айтылған мәселелер бірінші соттан тыс шешілу керек. Немесе сотқа жүгінулері тиіс. Олар өз құқығын пайдаланып, сот арқылы шешу керек. Себебі бұл екі арадағы дау”, – дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Нұрберген Күдебаев.

Салымшылар өздері салған қаражаттың қазір қайда екенін және қанша қалғанын да білмейміз дейді. "Маңдай термен тапқан қаражатымызды зейнетақы қорына кері қайтарсын" деген талап қойып отыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр