Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны 17 жыл бойы өліп қалғандардың қатарында болған

Жаңаөзен тұрғыны 17 жыл бойы өліп қалғандардың қатарында болып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада сайтына сілтеме жасап.

әйел

Әйел өзінің  2002 жылдан бастап өлі саналып келгені туралы 2016 жылы білген. Содан бері ол өзінін тірі екенін дәлелдей алмай жүр екен. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық баспасөз қызметі хабарлады. 

«Маңғыстау облысы Ақтау АХАЖ актісінің жазбасына сәйкес сот 2002 жылғы 16 шілдедегі № 782 азамат У.-ның қайтыс болғандығын анықтады. Ол сот оытырсында өзінің өлген адамдардың қатарында екенін 2016 жылы хабардар болғанын айтты. Тіпті өлу туралы қағазы да бар екен. Содан кейін ол әр түрлі органдарға жүгініп, өзінің құқығы бұзылуын жоюды сұрады, бірақ бұл нәтиже бермеді. Сот отырысында У. соттан аталған талаптарды қанағаттандыруды сұрады», – дейді жаңаөзен қалалық сотының баспасөзі.

Іс материалдарын қарап шыққаннан кейін сот өтінішті қанағаттандырып, Ақтау прокурорының атына 2002 жылдың 16 шілдесінде қайтыс болған адамды анықтау және заң бұзушылық фактілерін жою туралы жеке шешім шығарды.
 

Талқылау