Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде шаңды дауыл соғып, аулаларды су басты

Жаңаөзен қаласына шаңды дауыл соғып, содан кейін қатты жаңбыр жауа бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде табиғи құбылыстың бейнелері пайда болды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша,  3 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында жел секундына 20 метр жылдамдыққа дейін күшейді. Метеорологиялық көріну 1000 метрден төмендеді.

Ал 4 шілдеде, синоптиктердің мәліметінше, Жаңаөзенде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Жауын-шашын болмайды.

Талқылау