Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен қалалық ауруханасының мейірбикесі коронавирус туралы әзілі үшін кешірім сұрады

Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі оның коронавирус туралы хабарламасы WhatsApp мессенджеріндегі барлық топтарға таралады деп күтпеген. Әйелдің сөзіне қарағанда, ол туыстарына қалжыңдап, аталмыш хабарламаны жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 3 наурызда Жаңаөзенде короновирустың болуы туралы мәліметтер WhatsApp мессенджері арқылы белсенді түрде таратыла бастады. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жаңаөзенде коронавирус жұқпасы тіркелмегенін атап өтті.

Жалған ақпарат таратқан әйелдің жеке басы анықталды, ол Жаңаөзен қалалық ауруханасының мейірбикесі Арухан Шырақбаева болып шықты.

Оның сөзіне қарағанда, ол туыстарымен әзілдесуді ұйғарып, WhatsApp арқылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласынан келген студенті коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды деген ақпарат жіберген.

Арухан Шырақбаева өзінің аудиожазбасы WhatsApp мессенджеріндегі барлық топтарға таралады деп күтпегенін мәлімдеді. Әйел Жаңаөзен тұрғындарына видео хабарлама жазып, кешірім сұрады.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен Жаңаөзеннің барлық тұрғындарынан кешірім сұраймын", - деді Арухан Шырақбаева.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Арухан Шырақбаева жұмыстан кету туралы өтініш жазған.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда қайырымдылық жасамақшы болған кәсіпкер бес күнге қамалды

Тегін азық-түлік алуға келген жұрт жаға-жыртысып, шу шуғарған

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

СҚО-да ауру жұқтырған 18 адам тіркелген

Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды

Ауруханада коронавирус жұқтырған науқас анықталыпты

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды

Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды

Қостанай облысына коронавирус қалай келді?

Қостанайда алғаш рет короавирус анықталып отыр

Қазақстанда коронавирусқа тағы 4 адам шалдықты

Науқастардың саны 464-ке жетті

Түркістан облысында бір жастағы сәби мен оның анасы коронавирус жұқтырған

Соңғы тіркелгендер - коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар

"Бұл елде панасыздардың өзіне өлмейтіндей жағдай жасалған": Журналист Назира Байырбек АҚШ-та өзін таңғалдырған дүниелер туралы

Оқуға түсіп, отбасымен АҚШ-қа аттанған журналист алғашқы әсерлерімен бөлісті

Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып-соқты

Полицейлер 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады

Біртанов: Егер коронавирус күзде қайталанса, біз оған дайын болуымыз керек

Басқа елдерде індет аяқталғанымен күн сайын жаңа науқастар пайда болуда
Çàãðóçêà...