Жаңаөзен газ өңдеу зауытын ресейлік компания салады
Жаңаөзен газ өңдеу зауытын ресейлік компания салмақшы. Компания 140,5 млрд теңгелік тендерді жеңіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nrg_monitor Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тендерге "НГСК ҚазСтройСервис", Bazis Construction және Қазақ мұнай және газ институтымен, сондай-ақ "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен бірлесіп қатысты. Нәтижесінде тендерді ресейлік "Петон" инжиниринг холдингі жеңіп алды. Ол – мұнай-газ саласы жобалар нарығындағы көшбасшылардың бірі.
Жаңаөзен газ өңдеу зауытының іске қосылуы 2026 жылға жоспарланып отыр.
Осы жылдың көктемінде ресейлік компания Ақтөбе облысының әкімдігіне Өріктау кен орны бойынша жобалық құны 11 млрд теңге газ өңдеу зауытын және полимер шығару бойынша мұнай-газ-химия кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаларды таныстырды.
Талқылау