AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңадан құрылған Абай және Жетісу облыстарының полиция басшылары тағайындалды

Жаңадан Құрылған Абай және Жетісу облыстары полиция департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды. 

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірді. Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарда атқарған.

Ал Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Жеңісбайұлы тағайындалды. Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа бастығын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов таныстырды. 

Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі. 

Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді, қызметтік міндеттерін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі қызметінен бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Арыстанғали Заппаров Алматы полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр