Жаңа жыл түні Ақтау перзентханасында алып бала дүниеге келді
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы перинатальды орталықта жаңа жыл түні 21 бала, 12 қыз, 9 ұл дүниеге келді. Дүниеге келген балалардың ішінде алып, батыр денелісі де бар. Оның салмағы 5 келі 5 грамм.
Сондай-ақ, олардың арасында шала туғаны да бар. Бір шақалақтың салмағы – 1 келі, 800 грамм.
“Сағат 00-00-де бірінші, алғаш рет босанып отырған келіншектің толғағы қысты. 00-20 минутта салмағы 2 келі 850 грамм, бойы 50 см қыз бала дүниеге келді”, – дейді орталық мамандары.
“Жалпы, 2015 жылы орталықта 7 500 бала өмірге келді. Ал, облыс бойынша, 19 мың бала”, -дейді Маңғыстау облыстық перинатальді орталық директоры Жамал Жаманбаева.
Талқылау