Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық сыйлықтардың ақшасын бөліп төлеңіз: Жақындарымызға не сыйлауға болады

Жақындарыңызға жаңа жылдық сыйлық алуға қаржыңыз болмай тұрса, уайымдамаңыз. Jýsan Bank кез келгенін тауарды сатып алуға болатын бөліп төлеу картасын ұсынады. 

Jýsan Bank-тің бөліп төлеу картасының көмегімен сіз кез келген сыйлықты сатып алып, ақысын үш айға дейін пайыздық үстемесіз және комиссиясыз бөліп төлей аласыз. Ең ыңғайлысы, бөліп төлеу картасы арқылы зат сатып алып, мереке қарсаңында қаржылық жағынан қиын жағдайға түсіп қаламын деп алаңдамасаңыз да болады. 

Картаның ең басты артықшылығы - сіз төлем мерзімін өзіңізге ыңғайлы етіп құрастыра аласыз. Егер мерзімді ұзартқыңыз келсе, Jýsan мобильді қосымшасы арқылы уақытты ұзартуға болады. Осылайша, Jýsan Bank арқылы құны 20 мыңнан 1 миллион теңге болатын затты үш айдан он екі айға
дейін бөліп төлей аласыз.

Картаны жасату да өте оңай. Ол үшін сіз Jýsan мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелсеңіз болғаны. Өзіңізге сай келетін қаржы лимитін таңдап, оны үйіңізге, жұмысыңызға тапсырыспен алдыртып, не болмаса банк бөлімшесінен өзіңіз алып кетсеңіз болады. 

Бөліп төлеу картасы ұсынатын мүмкіндіктер туралы осы сілтеме бойынша толыққанды ақпарат алуға болады. Jýsan Bank-пен жаңа жылда жақындарыңызды керемет сыйлықпен қуантыңыз.  

Жаңа жылға аз уақыт қалған сайын жақындарыма қандай сыйлық жасасам екен деп ойланып жүрген боларсыз. Назарларыңызға әрбір адамды қуантатын сыйлықтар тізімін ұсынамыз. Біздің кеңестер бір кәдеңізге жарайды деп ойлаймыз.

Смарт сағат

Бірнеше жыл бұрын смарт сағаттар мен фитнес-браслеттерді ешкім қажет етпейтін еді. Алайда қазір бұл тауарларға сұраныс өте жоғары. Күннен-күнге смарт сағаттардың қосымшалары көбейіп, ұялы телефонды басқару мүмкіндігі жаңаруда. Сағатты кез келген уақытта телефон орнына пайдалана аласыз. Бұл керемет сыйлық болатыны анық.

Ас үйге арналған ақылды техника 

Бұл жаңа жыл басталмас бұрын берілетін сыйлықтар қатарына жатады. Өйткені жаңа жылдық дастарханды әзірлеу үшін ақылды техника таптырмайтын көмекші. Смартфон арқылы басқарылатын ақылды ас үй техникасы бос уақыты жоқ адамдар үшін ерекше сыйлық екенін ескеріңіз. Әсіресе ақылды индукцииялық плитасы, смарт-тоңазытқыш, мультиварка, блендр, ас үй комбайны сынды техникалық құралдар қыз-келіншектерге керемет көмекші. Әйелдер қауымы мұндай сыйлыққа қуанар анық.   

Ақылды шаңсорғыш

Технология дамыған сайын үй шаруасын жеңілдететін құрылғылардың саны күннен күнге артып келеді. Алайда шаңсорғыш өзінің құндылығын әлі күнге дейін жоғалтпаған. Уақыт өткен сайын жаңа функциялары қосылып, адам күшін мүлдем талап етпейтін де ақылды шаңсорғыштар пайда болды. Мұндай сыйлық кім-кімді болса да балаша қуантады. Өйткені тазалық жұмыстарын жасайтын көмекші барлық адамға керек. Бұл жаңа жылға арналған керемет сыйлықтардың бірі. 

Автомобильге арналған аксесуарлар 

Егер сіздің әкеңіз, жарыңыз немесе досыңыз автокөлікке қызығатын болса, арнайы аксесуарлар сыйлап, көңілінен шыға аласыз. Мәселен, қыста көлікке арналған аксесуарларға сұраныс артады. Көктайғақ кезінде басқа нәрсеге алаңдамау үшін арнайы гаджеттер қолдану өте қолайлы. Көлікке арналған дисплейлер автомобиль жүргізушілеріне ұнайтыны анық. Сонымен қатар, барлық маусымға арналған дөңгелектер де қазір трендте. Оған қоса, суық кезде көлікті жылытудың өзі үлкен төзімділікті талап ететінін ескеріңіз. Егер жақыныңыздың жаурап, ауырып қалғанын қаламасаңыз автоматты оталдыру қондырғысын сыйға тартыңыз. Автокөлік сүюші сіздің бұл сыйлығыңызға қуанбай қоймайды.   

Сымсыз құлаққап 

Әуен тыңдап, телефон арқылы сөйлесуді жеңілдеткіңіз келсе, сымсыз құлаққап сыйға тарту ең оңтайлы шешім. Қазіргі таңда мұндай құлаққаптардың сан алуан түрі бар. Өзіңіздің талғамыңызға қарай түсін, пішінін таңдап, қаражатыңызға қарай, керемет сыйлық жасасаңыз болады.

Жаңа смартфон 

Жаңартылған соңғы үлгідегі смартфон жаңа жылдық сыйлықтардың ең таңдаулысы. Әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыратын мұндай ерекше сыйлық кімге болса да ұнары анық. Өйткені қазір телефонсыз жүретін адам жоқтың қасы. Егер жаңа смартфон сыйға тартсаңыз, сыйлық алушыдан бақытты адам болмайды. 

Радиобасқармалы дрон 

Егер осыдан 15-20 жыл бұрын радио арқылы басқарылатын машина балалар мен жасөспірімдерді таңқалдыратын болса, қазір квадрокоптерді кез келген адам ала алады. Өндірушілер сіздің ыңғайыңызға қарай көптеген дрон түрлерін ұсынуда. Мұндай сыйлықты сіз ұялмастан сыйға тарта аласыз. Әсіресе сурет, видео түсіруге қызығатын жақындарың болса, бұл ерекше сыйлық болары анық. 

Сертификат 

Жаңа жылда арнайы сертификаттар сыйға тарту бұрыннан бері бар дәстүр. Егер жақыныңыз спортпен айналысқанды жақсы көрсе, спорт залға арналған сертификатты сыйға тартсаңыз болады. Оған қоса SPA орталықтарға, сұлулық салондарына, кәсіби косметика сататын дүкендерге сертификат сыйға тартсаңыз, қуанып қалары анық. Жаңа жылға сыйлықтың осы түрін де қарастырып көрген жөн. Сыйлық алушы әрі қуанып, әрі демалып, әрі қажет заттарын сатып ала алады. 

Талқылау