Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылды жалғыз қарсы алсаңыз не істеу керек: Психотерапевт кеңестерімен бөлісті

Егер сіз қандай да бір себептермен жаңа жылды жалғыз қарсы алсаңыз не істеу керек? Психотерапевт Елена Патикина осы мерекеде жалғыз қалғандарға түрлі ырым-тыйымдарға сенбей, пайдалы өткізуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter басылымына сілтеме жасап.

жаңа жыл

Маманның сөзінше, адамдар көбінесе "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, оны солай өткізесің", "Жаңа жыл қарсаңында бір ғажайып болуы керек" деген әртүрлі ырымдар сеніп, өз-өзіне қысым жасайды.  Ол мұндай жағдайда жаңа жылдың өмірдегі жай ғана қарапайым бір күн екенін еске салды.

“Адамдар мен түрлі фильмдерден шығарылған символдарға сенудің қажеті жоқ. Жаңа жыл ол сіздің өміріңіздегі қарапайым күндердің бірі. Оны қалай өткізгеніңіздің алдағы өміріңізге мүлдем әсері болмайды”,- деді маман.

Белгілі бір себептермен жаңа жылдық мерекеде жалғыз қалған жандарға маман мынадай кеңестер берді:

  • Бұл күнді өзіңіздің қалауыңызша өткізуге тырысыңыз;
  • Сүйікті тағамыңызға тапсырыс беріп немесе дайындап, ұнайтын фильміңізді немесе бағдарламаңызды қосып, өз-өзіңізге сыйлық алып өзіңізді қуантыңыз;
  • Осы жылғы бар өкпе, ренжішіңіз болса, кешіріп, ескі жылда қалдырып, жаңа жылға жаңа арман, мақсаттарыңызды түбегейлі жазып шығыңыз

Сонымен қатар психотерапевт жалғыз қалуыңызды басқалар алдындағы міндеттер мен жүктелген жүйелерден тынығу деп танып, уақытыңызды жақсы өткізуге шақырады.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 31 Желтоқсан, 2022 15:07
Талқылау