"Жаңа жылда шырша харам деп едіңіз ғой": Рүстем Жүгінісов шоқынамын деп сынның астында қалды

Танымал әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында шоқынған сәтінен видео жариялап, сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол христиан дініндегі ең маңызды діни рәсімдерінің бірін орындаған сәтінен видео жүктеді.
Алайда желі қолданушылары оның мұсылман бола тұра неліктен мұндай әрекетке барғанын түсінбей, түрлі пікір қалдырып жатыр.
“Ислам дінінде қыста суық суға шомылу деген жоқ қой”, “Тура осы күні емес шығар енді”, “Жаңа жылда шырша харам деп алып, шоқынуда суға түскені қалай кетті”, “Орыстардың мейрамында суға түсіп “Бісміллә” деген қалай?”, “Мыналар өзі қай дінді ұстанатындарын біле ме? Орыстың шоқынуында суға түскені несі?”, “Мынау қуып кетіпті ғой”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Рүстем Жүгінісовке діни алауыздық туғызғаны үшін 79 мың теңге айыппұл салынғаны хабарланған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді