Жаңа жыл кешіне полицей образымен келген бала желіде танымал болып кетті (видео)
Қазнет қолданушылары балалар ертеңгілігінің видеосын қызу талқылауда. Кейіпкерлерінің бірі - полиция қызметкерінің костюмін киді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісінде жария болған кадрлар қызу талқыға түсті.
Болжам бойынша бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірге спортзалда жаңажылдық кешке қатысады.
«Міне, ол біздің заманымыздың супер қаһарманы», - деп жазады автор.
Жаңа жыл кешінің қай қалада өткені белгісіз.
Кішкентай кейіпкердің қолында жарқыраған алатаяғы бар. Казнет қолданушылары полицей кейіпкерінің кәдімгі полицейден аумай тұрғанын айтып таңғалды.
«Нағыз полицей», «Әкесінің жүрісін де салып алыпты» «Шынайы бейне», - деп жазды олар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан